Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың 30 мамыр күні Самар аграрлық-техникалық колледжінің 65 жыл мерей тойы қарсаңында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алушы студенттердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында «Өз ісінің шебері» облыстық байқауы өтті.

 Конкурсқа 8 колледждің студенттері қатысып, өздерінің теориялық білімдері мен дағдыларын практика жүзінде көрсетті.

Облыстық конкурс қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын - Құмарбеков Арнұр Ерболұлы, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті;

ІІ орын - Полковников Кирилл Александрович, Алтай ауданы ауыл шаруашылық колледжінің студенті;

ІІІ орын - Ахметқалиев Эльдар Дауренұлы, Зайсан технологиялық колледжінің студенті және Дауенов Әли Еркінұлы, Марқакөль Ауылының мектеп-интернат-колледжінің студенті.