Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ауыл шаруышылығы бағыты бойынша оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК-мен  бірлесіп 2023 жылғы   27 сәуірде  ауылшаруашылық бағытындағы колледждерінің студенттері арасында «VetPro» облыстық кәсіби шеберлік сайысын өткізді. Мақсаты - «Ветеринария» мамандығы бойынша ауылшаруашылық бағытындағы колледж студенттерінің кәсіби шеберлік деңгейін анықтау. Сайыс 4 тапсырмадан тұрды. Сайыс барысында қатысушылар «Менің мамандығым-менің мақтанышым» атты өздерінің өндірістік іс-тәжірибесінен бейнепрезентация ұсынды,  «Індеттану» пәнінен ірі  және ұсақ қара малдың күре тамырынан қан алу техникасын, «Фармакология» пәнінен жануарлардың ағзасына дәрілік заттарды енгізу, тағы басқа әдістер мен технологияларды көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындардың иегерлері анықталды:

1 орын – Жеңісбек Ержанат («Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК);

2 орын – Марат Ерасыл Бауыржанұлы ( «Зайсан технологиялық колледжі» КММ);

3 орын – Қырықпайұлы Жанат («Марқакөл ауылының мектеп-интернат колледжі» КММ).

Құттықтаймыз!