«Шығармашылық шабыт» облыстық конкурсы
2025 жылғы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер мен оқушылар арасында «Шығармашылық шабыт» облыстық конкурсы өтті.
Мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің эмоционалды-жағымды фонын құру.
Конкурстың қатысушыларын бағалауға қазылар алқасы ретінде шығармашыл мамандар, өнер саласындағы сарапшылар қатысып, жоғары кәсіпқойлықтарын танытты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
«Моншақ тоқу» бағыты бойынша Шумилина Анастасия, «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ студенті;
«Кескіндеме және сурет салу» бағыты бойынша Дмитриева Елизавета, «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ студенті;
«Ағашқа сурет салу» бағыты бойынша Смирнов Артем, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушысы;
«Ағашты көркем өңдеу» бағыты бойынша: Долголев Иван, Калимбек Медет, Долголев Дмитрий, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушылары.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!