Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 20 қазанда кітапхана меңгерушілері облыстық әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Абай колледжімен бірлесіп «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» тақырыбында ШҚО ТжКБ ұйымдарының кітапханашыларына арналған облыстық дөңгелек үстелін («Бір ел – бір кітап» республикалық акция шеңберінде) өткізді.

         Мақсаты - кітаптар мен кітап оқуды насихаттау бағытында кітап авторларымен ой бөлісу, қазіргі әдебиетке шолу.

         Дөңгелек үстел барысында ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет; балалар жазушысы, Қазақстан Республикасының  мәдениет қайраткері Т. Әбдірайым; аудармашы, белгілі журналист А. Құрмет.; ақын, жазушылар Одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, журналист А. Шеризат поэзия,  балалар әдебиеті, көркем әдебиет аудармасы жанрлары бойынша қазіргі әдебиеттерге шолу жасады.

Дөңгелек үстел барысында ақын-жазушылар өз ой-пікірлерімен, алған әсерлерімен бөлісіп, аталған іс-шара  жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.