Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы бастапқы әскери және технологиялық дайындық облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп,  2023 жылғы  24 ақпанда  қеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған «Ауған соғысының ізімен» облыстық дөңгелек үстелін өткізді. Мақсаты: жастарды отансүйгіштікке, азаматтыққа, ауған соғысы ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Дөңгелек үстел жұмысына ауған соғысының ардагерлері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары және колледж студенттері  қатысты.