Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылдың 17 қарашасында «Музыка және өнер» бағыты бойынша ОӘБ жоспарына сәйкес онлайн режимде хормен ән орындау облыстық шеберлік сыныбы өткізілді. Мақсаты: хормен ән орындау бойынша озық педагогикалық тәжірибені тарату, әдістемелік және практикалық көмек көрсету, шығармашылық қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасау, қазақстандық композиторлардың хор шығармаларын насихаттау. Шеберлік сыныбы барысында Ж. М. Канапинаның (Кіші хор тобы мүшелерінің хормен ән салу дағдыларын қалыптастыру), Л. К. Солтанованың (Ән салудағы дикция мен артикуляция), И. Б. Карпееваның (Хордағы музыкалық сүйемелдеудің рөлі) және т. б. сабақтары көрсетілді. Аталған іс-шарамен 30 – ға жуық адам қамтылды.