Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы облыстық педагогикалық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп,  2023 жылғы  03 наурызда  Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы аясында КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямовтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Ізден, үйрен, жас маман» облыстық әдістемелік коучингін өткізді. Мақсаты: жас мұғалімдердің үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету, озық  тәжірибелермен танысып, жаңа технологияны үйрену, практикада қолдануға ықпал ету, шығармашылық ізденіске баулу. Әдістемелік коучинг барысында жас мамандарға шеберлік сыныптары ұсынылды: «Жаңа көзқарас, жаңа серпіліс - білім берудің жаңа бағыты», «Ақпараттық технологияларды оқу–тәрбие үрдісінде қолдану», «Педагогика пәніндегі модельдеу әдісі», т.б. Іс-шарамен барлығы коледждердің 46 педагогі қамтылды.