Колледж директорларының оқу ісі жөніндегі, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және колледж әдіскерлеріне арналған
2021 жылғы 23 қарашада ШҚО кәсіптік білім беру орталығы колледж директорларының оқу ісі жөніндегі, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және колледж әдіскерлері үшін Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Әдістемелік қызметтің тиімді моделі» облыстық әдістемелік онлайн-семинарын өткізді. Мақсаты: ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындары педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетудің тиімді формалары мен әдістерімен танысу. Семинар барысында К. Б. Раисова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Өскемен қ. Педагогикалық шеберлік орталығы директорының (Біліктілікті арттыру курстары арқылы педагогтердің әлеуетін дамыту), Г.С. Жуманова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директорының (Педагогтің кәсібилігі және үздіксіз кәсіби дамыту), Р. А. Кайыркенова, Семей қ. Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарының (Педагогтерге әдістемелік қолдауды ұйымдастырудың тиімді нысандары мен әдістері), А. Ж. Жумагалиева, ШҚО колледж әдіскерлерінің ОӘБ төрайымының (Жұмыс тәжірибесі үлгісінде арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық біліктілігін арттыру ерекшеліктері) баяндамалары тыңдалды. Аталған іс-шарамен 74 адам қамтылды.Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.