Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен тіл білімі саласында дарынды студенттерді анықтау мақсатында «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында ағымдағы жылдың 10 сәуірінде ТжКББ ұйымдардың I курс студенттері арасында орыс тілі пәнінен  «Әуелде сөз  болды...»  облыстық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыстың 13 колледжінен 14 студент қатысып, бірінші кезеңде «Орыс тілі» пәні бойынша теориялық білімді тексеруге бағытталған тіл білімінің барлық бөлімдерін қамтитын электронды тест тапсырды. Екінші практикалық кезеңінде жазбаша тапсырмалар орындады.

Байқау қорытындысы бойынша: І дәрежелі дипломды - Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің студенті Галикеева Амина;
ІІ дәрежелі дипломды – Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенті Ройгер Алиса және «Квансон»
Қазақстан-Корей колледжінің студенті Гайст Илья; ІІІ дәрежелі дипломды –  Өскемен жоғары медициналық
колледжінің студенті Петрова Диана және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті
Манина Елизавета иеленді.