Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

        Шығыс Қазақстан кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен ақпараттық технологиялар саласында 
жоғары дайындық деңгейі мен зияткерлік қабілеттерін көрсеткен дарынды студенттерді анықтау мақсатында 
Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжінің базасында ағымдағы жылдың 29 наурызында ТжКББ жүйесі 
оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық технологиялар бойынша 
облыстық олимпиадасы өтті.
        Облыстың 12 колледжінен 34 студент қатысып, компьютерлік тест орындап, MS Office ортасында практикалық 
мәселелерді шешуде MS Wordта постер құрып, MS Excel бағдарламасында есептеп, MS Power Point бағдарламасында 
презентация жасады.
        Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық 
қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды.