«Химия, биология, географияны оқытудағы компьютерлік технологиялар» атты облыстық онлайн-семинары
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы 2024 жылғы 20 мамырда жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Риддер колледжінің базасында «Химия, биология, географияны оқытудағы компьютерлік технологиялар» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.
Мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің озық тәжірибелерімен алмасу. Семинарға ШҚО техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері және химия, биология, география пәндерінің оқытушылары қатысты. Онлайн-семинар барысында Риддер колледжінің құзіреттілік орталығы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.В. Кулова «STEM технологиясы: «Аударылған сынып» тақырыбында презентация жасап, арнайы пәндер оқытушысы Л.С.Подейкина «Hyper75 Chem» заттардың химиялық молекулаларының электронды конструкторында 3-d модельдеу бойынша нұсқаулықпен таныстырды. «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжінің химия, биология пәндері оқытушысы Ә.С.Б айжұманова биологиялық білімді меңгерту, қайталау және қорытындылау сабақтарында Kahoot және quizlet бағдарламасын қолдану, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің химия, биология пәндері оқытушылары Л.Б.Богданова мен Б.Ш.Камитжанова оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, Өскемен көпсалалы технология колледжінің химия пән оқытушысы А.Б.Касенова ақпараттық – коммуникациялық технологияларды білім беру үрдісінде қолданудың маңыздылығы, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, химия пән оқытушысы Л.М. Сыроватченко электрондық білім беру ресурстарын қолдану ерекшеліктері, химия пән оқытушысы А.М.Мақсатова заттардың құрылымын зерттеуде мультимедиялық бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің биология пән оқытушылары А.Қ. Ермекова мozaik education бағдарламасын биология пәнінде қолдану жолдары және С.Р.Айтбаева биологиялық білімді меңгерту, қайталау және қорытындылау kahoot және quizlet бағдарламасын қолданудың тиімділігі бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда педагогтар іс-тәжірибе алмасып, озық тәжірибелер көлемінде пікірлерімен бөлісті.