Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 15 қаңтарда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Жаңа мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізілді.

Мақсаты: қазіргі заманғы талаптар мен білім беру стандарттарын ескере отырып, жаңа мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жағдайлар мен әдістемелік ұсынымдар жасау.

Семинарға ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және әдіскерлері қатысты.

Онлайн-семинар барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ШҚО білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Б.Раимбекова өз сөзінде білім беру қызметін лицензиялаудың өзекті мәселелері туралы баяндама жасады.

«ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары К.Джантекеева және колледждердің материалдық-техникалық базасына мониторин жүргізу бөлімінің басшысы М.Бажаков жаңа мамандықты ашуға әдістемелік ұсынымдар берді.

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (Алматы қ.) Авиациялық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р. Қабышева «Әуе тасымалдарын ұйымдастыру» мамандығы бойынша, «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК директорының оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары В. Базарбаев «Логистика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында кері байланыс барысында спикерлер қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап берді.