«Техникалық білім беру саласындағы құзыреттілікті арттыру: «ЖАС МАМАН» жобасының тәжірибесі мен нәтижелері» облыстық онлайн-семинары
«Жас маман» жобасы аясында қолданылатын озық әдістер мен тәжірибелерді және оларды техникалық білім берудің басқа салаларында қолданылуын анықтау мақсатында 2024 жылғы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы Риддер колледжімен бірлесіп «Техникалық білім беру саласындағы құзыреттілікті арттыру: «Жас маман» жобасының тәжірибесі мен нәтижелері» облыстық онлайн-семинарын өткізді.
Семинар барысында Риддер колледжінің педагогтері «Заманауи білім берудегі практикалық оқыту: WorldSkills-ке дайындық және инновациялық әдістер мен жабдықтарды пайдалану», «Қазіргі білім беру үдерісіндегі әлеуметтік серіктестердің рөлі мен маңызы», «Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық білім беру технологияларын қолдану», «Өндірістегі техник-технологтың автоматтандырылған жұмыс орнының жобасы», «3D бағдарламалауды қолдана отырып өндірістік процестерді модельдеу», «Оқу зертханасында тәжірибелік оқытудың инновациялық әдістемелері мен тәжірибесі: ұсақтау-сұрыптау кешені операторының кейсі», «Білім беру кешендерін пайдалана отырып, «Тау-кен металлургия жабдықтарын басқару және оларға қызмет көрсету» құзыретін іске асыру», «Түсті металдар металлургиясы» бағыты бойынша құзыреттілік орталығында «Жас маман» жобасын іске асыру нәтижелері» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында тиісті ұсынымдар қабылданды.