Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО білім басқармасының қолдауымен Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 32 білім алушысы арасында «Ұлы Абай мұрасы-халық қазынасы» атты облыстық онлайн-байқауын өткізді. Онлайн байқау қатысушыларының өнерін бағалайтын әділқазылар алқасы Сейпутанова Айымгуль Камзановна (С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к.), Барбосынова Қарлығаш Түркістановна (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі) бағалады. «Абай оқулары» байқауының қатысушылары 4 номинация бойынша сайысып, жүлделі орындарға ие болды.