Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 7 сәуірде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына  150 жыл толуына орай колледж оқытушыларына арналған «Ұлт ұстазы» облыстық онлайн семинарын өткізді. Мақсаты – ұлт ұстазының  әдеби мұрасын дәріптеу, тіл біліміне қосқан үлесін ұлықтау, шығармашылығы және еңбектерінің беймәлім тұстары жайлы ой бөлісу, талқылау; шығармаларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны жөнінде пікір алмасу. Семинар барысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А.Қ. Сейпутанованың («А. Байтұрсынұлының оқу-әдістемелік еңбектері»), Семей қаласы Көлік колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Р.Қ. Нұғманбекованың («А. Байтұрсынұлының Семейдегі жүріп өткен тарихи жолдары»), Қ.Бітібаева республикалық зертханасының жетекшісі, педагог-шебер М.К.Мукашеваның («А.Байтұрсынұлы шығармаларын оқытудың тиімді жолдары»), Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Б. Сатенбаеваның («А. Байтұрсынұлы шығармаларын оқыту арқылы оқушы бойында 4 «К» дағдыларын дамыту»), Абай атындағы ШҚГК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Ж.О. Даутованың («Қазақ тілі сабақтарында А. Байтұрсынұлының еңбектерін тиімді оқыту») және Ж.Н. Акимбаеваның («А. Байтұрсынов және әдебиеттану ғылымы») баяндамалары тыңдалды. Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.