«Қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқытудың үздік тәжірибесін тарату» облыстық онлайн вебинары
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» вебинарлар циклін жалғастыруда. Бүгін, 2020 жылдың 10 желтоқсанында онлайн режимде тілдік пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің тәжірибесі көрсетілді. Вебинар алаңында М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Е.Б. Нуркешова қашықтан оқыту жағдайында оқытудың «төңкерілген әдісін» қолдану ерекшеліктерімен таныстырды. Геологиялық барлау колледжі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Т. Омарбекова вебинар қатысушыларының назарына «Қашықтан оқыту жағдайында ағылшын тілін оқытуда қашықтан білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында презентациясын ұсынды. Сондай-ақ, «Геологиялық барлау колледжінде қашықтан оқыту форматындағы көптілділік» бейнеролигі көрсетілді. Жалпы вебинар жұмысы өте нәтижелі өтті. Вебинарға қатысушылар платформа чатында өз пікірлерімен бөлісіп ұсыныстарын айтты. Вебинар жұмысына барлығы 40-тан астам адам қатысты.