Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шекарасыз инклюзия: практикалық шындық» атты облыстық тәжірибелік семинары
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Өскемен қызмет көрсету саласы колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 14 желтоқсанда инклюзивті білім беру мекемелерінің педагогтері мен мамандары үшін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шекарасыз инклюзия: практикалық шындық» атты облыстық тәжірибелік семинарын өткізді.
Мақсаты: ШҚО колледждерінде инклюзивті білім беру бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және алмасу.
Семинар барысында А.Бейсекенова «Өскемен қызмет көрсету саласы» КММ директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары («Колледж қабырғасында ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттерге оқытуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау»), А.А. Аубакирова «Өскемен қызмет көрсету саласы» КММ әдіскері («Инклюзивті білім беру жағдайында педагог қызметін әдістемелік сүйемелдеу»), А.С. Серикбекова, К.Б. Баймадиева «Өскемен қызмет көрсету саласы» КММ психологтері («Инклюзивті оқытуды психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-адаптациялық сүйемелдеу»), Т.П. Замятина «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК оқытушысы («Есту қабілеті бұзылған студенттерді тілдік пәнге оқытудың ерекшеліктері»), Д.М. Макулбекова «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ информатика және есептеу техникасы өндірістік оқыту шебері («Информатика және есептеу техникасы» пәні бойынша өндірістік оқыту сабақтарында церебральды сал ауруы бар студенттерді оқыту) т.б. баяндамалары тыңдалды.
Аталған іс-шараға 25-ке жуық адам қатысты.
Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.