Шаштараз өнері бойынша «Өндірістік оқытуда шаштараз жұмыстарының заманауи технологияларын қолдану»
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қызмет көрсету және сервис саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен қызмет көрсету саласы колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 24 желтоқсанда шаштараз өнері бойынша «Өндірістік оқытуда шаштараз жұмыстарының заманауи технологияларын қолдану» облыстық практикалық семинарын өткізді. Мақсаты-сәнді шаш үлгісінде заманауи стилистика тақырыбын ашу, ШҚО колледж шеберлері мен оқытушыларының «Шаштараз-модельер» мамандығы бойынша тәжірибесін, практикалық дағдыларын қорыту. Семинар барысында Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің арнайы пән оқытушысы О.В. Воронкованың («Шаш үлгісіндегі заманауи стилистика және ерлер бейнесін жасау»), өндірістік оқыту шебері М.В. Черепанованың («Шаш үлгісіндегі заманауи стилистика және әйел бейнесін жасау») баяндамалары тыңдалып, өндірістік оқыту шеберлері Л. А. Попова (Ұзын шашқа арналған көпқатарлы өру тәсілдерін көрсету»), В.В. Приходько («Фиртуаж» шаш бояуды көрсету); Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжінің өндірістік оқыту шебері Н. В. Шокарева, шаштараз өнері бойынша оқытушысы Е.Г. Колесникованың «Афрокосты орындау және өру технологиясы», «Студенттермен афрокосты орындау және өру технологиясын көрсету» тақырыптарында шеберлік сыныптары көрсетілді. Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.