«Ақпараттық технология және оқу процесі кезіндегі кітапхананың рөлі» облыстық семинар-практикумы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы кітапхана меңгерушілері облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Семей көпсалалы колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 18 мамырда ШҚО ТжКБ ұйымдарының кітапханашыларына арналған «Ақпараттық технология және оқу процесі кезіндегі кітапхананың рөлі» облыстық семинар-практикумын өткізді.
Мақсаты – заман талабына сай кітапханаларда ақпараттық технологияны пайдалану, тәжірибе алмасу.
Семинар-практикум барысында Семей көпсалалы колледжінің кітапханашысы А.Т. Жакинаның («Ақпараттық технология және оқу процесі кезіндегі кітапхананың рөлі»), Шығыс Қазақстан облысының Абай атындағы әмбебап кітапханасы оқу залы бөлімінің меңгерушісі Р.Адикаеваның («Әлеуметтік желілерде жаппай жұмыс жүргізу тәжірибесі»), т.б. баяндамалары ұсынылды.
Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.