Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылдың 29 қаңтарында ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жылдық жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлары орынбасарларының оқу-әдістемелік бірлестігімен бірлесіп, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі базасында «Жұмысшы мамандықтары бойынша практикаға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу және демонстрациялық емтихан өткізудің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 60 оқу-өндірістік және оқу жұмыстары жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты.

Мақсаты: WorldSkills стандарттары мен еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларды әзірлеуде және демонстрациялық емтиханды ұйымдастыруда Шығыс Қазақстан облысының колледж басшылары орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Облыстық семинар-практикумы теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды.

Теориялық бөлімде біліктілік беру кезеңінде демонстрациялық емтихандарға дайындық тәжірибесі WorldSkills стандарттарын оқу процесіне интеграциялау туралы Өскемен жоғары политехникалық колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.Е. Даирбекова және директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Т. Көкенов баяндады.

Білім беру процесіне тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларды енгізудің негізгі аспектілері мен артықшылықтары, сондай-ақ студенттерді демонстрациялық емтиханнан сәтті өтуге және одан әрі кәсіби қызметке дайындау үшін олардың маңызы туралы Риддер колледжі «Түсті металдар металлургиясы» бағыты бойынша құзыреттілік орталығы әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.В. Кулова және директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.В. Симонова тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер осындай тапсырмаларды білім беру бағдарламаларына енгізудің табысты тәжірибесімен бөлісті және студенттерді демонстрациялық емтиханға дайындау кезінде педагогтерде туындаған өзекті сұрақтарға жауап берді.

Практикалық бөлімде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы директорының орынбасары К.К. Джантекеева және Өскемен құрылыс-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Б.М. Жұмабаев қатысушыларға демонстрациялық емтихан стандарттарына сәйкес келетін тапсырмалар жасау әдіснамасын көрсетті. Қатысушылар инфрақұрылымды дайындаудан бастап, студенттерді даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретін қорытындыларды шығаруға дейін демонстрациялық емтиханның әр кезеңінің жүргізілу барысының қадамдарымен толық таныса алды.