Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 9 қарашада «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары ОӘБ-пен бірлесіп, жылдық жұмыс жоспарын орындау шеңберінде «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ базасында «Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру» тақырыбында облыстық практикум-семинарын өткізді.

            Мақсаты: құқықтық нормативтік актіні ескере отырып, жұмыс оқу жоспарын құру.

            Практикалық-семинарға ШҚО колледждері директорларының оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

            Семинардың ашылуында «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ білім беру үдерісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Шауменова Эльмира Тоқанқызына кіріспе сөз берілді.

            Семинардың бірінші бөлімінде баяндамашылар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

            Семинар барысында баяндама жасағандар: ОӘБ төрағасы «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Нұрғалиева, СӨЖ және СПӨЖ ескере отырып жұмыс оқу жоспарын құрудың негізгі аспектілерін көрсетті;

            «Өскемен құрылыс колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ю.В.Зубкова СӨЖ/СПӨЖ ескере отырып, техникалық-технологиялық бағытта ЖББП сағаттарын бөлу ерекшеліктері туралы айтты;

            «Өскемен жоғары политехникалық колледж» КМҚК директорының оқу ісі бойынша орынбасары А.Е.Даирбекова өз сөзінде СӨЖ және СПӨЖ ескере отырып, негізгі орта білім базасында энергетикалық мамандықтарға арналған ЖОБ әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

            Семинардың екінші бөлімінде қатысушыларға жаңартылған жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.

            Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, оның практикалық маңыздылығын жоғары бағалап, осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігі туралы тілектерін білдірді.