Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылы 21 желтоқсанында ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп «Кәсіптік білім берудің озық тәжірибесін алмасу және тарату» жоспарына сәйкес, «Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын құрастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізді.

Мақсаты – педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын құрастырудағы озық тәжірибені тарату.

Семинарға колледж директорларының  оқу-әдістемелік және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Слямбекова Жанар Ахмадиевна «Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбы, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Аубакирова Алия Райымхановна кәсіптік практиканы ұйымдастыру  мәселелері бойынша баяндама жасады.

Семинардың практикалық бөлімінде СӨЖ және СПӨЖ ескере отырып, негізгі орта білім базасында педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу мәселесі  қарастырылды.

Семинар соңында қатысушылар өз сауалдарына қажетті мазмұнды ақпараттар алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.