Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Үздік педагог» Республикалық конкурс жеңімпаздарының тәжірибесімен алмасу бойынша облыстық семинар-практикумы өткізілді.

Семинардың мақсаты: «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін тарату.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әдіскерлері, педагогтері офлайн және онлайн форматта қатысты.

Семинар-практикум барысында Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Л. Абылкасимова «Методы интерактивного обучения и 4 К на уроках русского языка и литературы» баяндамасында конкурсқа дайындық бойынша кеңестер мен барлық критерийлерді зерттеу, портфолио дайындау, материалдарды сауатты жүктеу, қолдау тобымен жұмыс, сабақты дайындау және өткізу сынды іс-қимыл алгоритмін ұсынды.

Сарсена Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Л. Омариева «Коучинг форматындағы мастер – класс: «Сабақта табысқа жетудің 7 тәсілі» қазақ тілі сабағы арқылы қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің элементтерін пайдалана отырып, оқыту әдістерін көрсетті.

«Үздіксіз даму – үздік педагог болудың жолы» тақырыбындағы баяндамасымен Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің арнайы пәндер оқытушысы (домбыра) Булатова Д. мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Бекшойнова А. «Ақпараттық құзыреттілік – заманауи біліктілік талабы» баяндамаларында педагог дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын тұлғалық даму, білім мен дағдыларды жаңарту туралы айтып өтті.

Семинарды қорытындылау барысында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, конкурсқа қатысуға ұсыныстар берді.

Педагогтерге шығармашылық табыс пен оқуға деген қажымас ұмтылыс тілей отыра, біз одан да көп оқытушылар «Үздік педагог» болуға бастама көтеріп, үлкен сахнадан көрінеді деген сенімдеміз.