«Инновациялық білім беруді дамытуға және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқытушыларын оқытуға бағытталған SCAFFOLD жаңа құралымен танысу» бойынша облыстық практикалық семинар
2024 жылғы 19 маусым күні «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының үздіксіз педагогикалық білім беру орталығымен бірлесе колледж оқытушыларының инновациялық білім беруін дамытуға бағытталған Scaffold жаңа құралымен танысу мақсатында облыстық семинар – практикум өткізді.
Семинар барысында Ы.Алтынсариннің ұлттық білім академиясының үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының директоры п.ғ.к. Раймбекова Жанат Ахатқызының құттықтау сөз алып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Астана қаласында 15-19 сәуір аралығында «SCAFFOLD» карталарын пилоттық режимде енгізу бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған оқыту курстары мен тренингтеріне қатысып келген Өскемен жоғары политехникалық колледжінің директорының ОӘЖ орынбасары Е.С. Екимова мен Өскемен құрылыс колледжінің директорының ОӘЖ орынбасары Ю.В.Зубкова «SCAFFOLD құралымен таныстыра отырып, Еуропалық құзыреттілік шеңберін ұсыну», «SCAFFOLD көмегімен сабақтарды жоспарлау» бойынша кері байланыс жасады. Өскемен жоғары политехникалық колледжінің шет тілі пәнінің оқытушысы А.М. Ибраева «Сабақтарда SCAFFOLD қолдану» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-практикумға облыстағы колледжердің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатыса отырып, өздеріне қажетті мазмұнды ақпараттар алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.