Scaffold құралдарын енгізу бойынша облыстық семинар-практикумы
2024 жылы 22 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық кәсіптік білім беру орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқытушыларына арналған инновациялық білім беруді және оқытуды дамытуға бағытталған Scaffold құралдарын енгізу бойынша облыстық әдіскерлердің әдістемелік бірлестігімен бірлесіп облыстық семинар-практикумы өткізілді.
Мақсаты: құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды әзірлеу үшін Scaffold құралын зерттеу және қолдану.
Семинарға ШҚО колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.
Семинар барысында: Қостанай Жоғары педагогикалық колледжінің жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Т.Н. Кравченко «Сандық құзыреттіліктерді оқу пәндерінің мазмұнына біріктіру үшін Scaffold қолдану» тақырыбында баяндай отырып, Scaffold құралдарының қазіргі білім беру жүйесіндегі өзектілігі мен сабақтарды жоспарлауды жеңілдету, цифрлық, жеке және кәсіпкерлік дағдыларды біріктіру үшін карталарды қолдану туралы айтты. Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Г. Сдыкова педагогтердің құзыреттілігін арттыру құралы ретінде Scaffold карточкалар жиынтығының рөлі туралы таныстырды.
Семинардың тәжірибелік бөлігінде Өскемен құрылыс колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ю. В. Зубкова және Өскемен жоғары политехникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Е.С. Екимова оқу процесінде Scaffold карталарын енгізу кезеңдерін көрсетіп, семинарға қатысушыларға Scaffold карталарын қолдана отырып сабақты жоспарлауды әзірлеу бойынша тапсырмалар орындатты.