«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығы бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу құралы ретінде оқытудағы тәжірибеге бағытталған тәсіл» атты облыстық семинар – практикумы
Шығыс Қазақстан облысы колледж директорларының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың білім беру технологияларын іске асырудағы тәжірибемен алмасу мақсатында Глубокое техникалық колледжі базасында ағымдағы жылдың 24 сәуірінде «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығы бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу құралы ретінде оқытудағы тәжірибеге бағытталған тәсіл» тақырыбында семинар-практикумы өтті.
Аталған семинарға ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Семинар-практикум барысында Глубокое техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары В.В. Ширяеваның «Инклюзивті білім беру: мәселелері, тәжірибесі, болашағы»; директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.А.Темерханованың «Колледждегі инклюзивті топтар үшін іс қағаздар жүргізу»; колледж әдіскері И.П. Ершованың «Инклюзивті білім беру технологиялары» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, аталған колледждің арнайы пәндер оқытушысы Н.Н. Весельская
2 ШТ - 22 тобында «Жұқа сылақ қабаты бар қасбетті оқшаулау жүйесін орнату технологиясы» тақырыбындағы ашық сабағында студенттер сылақтың әр қабатын орындаудың негізгі ережелерін егжей-тегжейлі және маңызды сәттерге баса назар аударып, жұқа сылақ қабатын қолдана отырып, қасбетті оқшаулау технологиясы бойынша тапсырмалар орындады.
Колледждің өндірістік оқыту шебері Ю.В. Мазницына 2 ШТ - 22 тобында «Күрделілігі орташа сырлау жұмыстарын орындау» кәсіптік модулі бойынша «Иттенның түсті дөңгелегі» тақырыбында шеберлік сағатында сырлау және тұсқағаздармен жапсыру алдында беттерді дайындауды және тегістеуді орындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, оның практикалық маңыздылығын жоғары бағалап, осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігі туралы тілектерін білдірді.