Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы алғашқы  әскери және технологиялық даярлау оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Катон-Қарағай ауданы, Свинчатка ауылында орналасқан Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқу-өндірістік базасында  2022 жылғы 13-14 қазан аралығында алғашқы әскери және технологиялық даярлау оқытушылары үшін «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқытушының жұмыс жүйесіндегі колледждің әлеуметтік маңызды мәселесі ретінде» облыстық семинарын өткізді. Семинардың мақсаты: алғашқы әскери даярлық оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру  және олардың кәсіби әлеуетін жетілдіру, тәжірибе алмасу. Семинар барысында теориялық сабақтар өткізіліп, семинарға қатысушылардың пікір алмасуы өтті. Семинар қорытындысы бойынша барлық спикерлерге дипломдар, қатысушыларға сертификаттар табысталды.