«Колледж кітапханасын автоматтандыру-кітапхана жұмысының тиімділігін арттыру» облыстық семинары
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы кітапхана меңгерушілері облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 27 желтоқсанда ШҚО ТжКБ жүйесі ұйымдарының кітапханашыларына арналған «Колледж кітапханасын автоматтандыру-кітапхана жұмысының тиімділігін арттыру» облыстық семинарын өткізді.
Мақсаты – кітапхана қорындағы басылымдардың электронды нұсқасын жасақтау, компьютерлік-ақпараттық коммуникацияға негіздеу.
Семинар барысында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің кітапханашысы Ш.У. Айкебаеваның («Колледж кітапханасын автоматтандыру: КАБИС бағдарламасын қолдану тиімділігі»), Семей қ. Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінің меңгерушісі Ж.М.Чушекованың («Электронды ізденіс және оның түрлері: әлеуметтік серіктестік байланыс білім алушылардың танымын арттыру құралы ретінде»), Семей қ. Қ.Мұхамедханов атындағы кіші ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Э.Д. Битолеуованың («Колледж білім алушыларының ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда Қ. Мұхамедханов сайтының маңызы»), М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің әдіскері Д.Т.Оспанованың («Білім алушылардың танымын арттыруда Н.Қ.Қалиев атындағы электронды-ақпараттық залдың тиімділігі»), М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі оқу бөлімінің меңгерушісі, Platonus білім платформасының координаторы Л.С. Баяхметованың («Онлайн режимінде оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетуді оңтайландыру жолдары») баяндамалары тыңдалды.
Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.