Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының АӘТД оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 19-20 қазан аралығында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің Катонқарағай ауданы Свинчатка ауылында орналасқан оқу-өндірістік базасында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ұйымдарының АӘТД оқытушы-ұйымдастырушылары қатысуымен «Алғашқы әскери технологиялық дайындық курсын оқыту кезінде далалық оқу-жаттығу жиындарды ұйымдастырудың материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етілуі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

            Семинар қатысушылары практикалық және теориялық сабақтарда өз тәжірибелерімен бөлісіп, далалық оқу-жаттығу жиындарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу мәселесі бойынша дөңгелек үстел барысында пікір алмасты.