«Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні бойынша бағдарламадағы ерекшеліктер» облыстық семинар
2025 жылғы 23 қаңтарда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес АӘжТД пәні бойынша оқытушылардың облыстық оқу-әдістемелік бірлестігімен бірлесіп, Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні бойынша бағдарламадағы ерекшеліктер» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Мақсаты: қатысушыларды алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні бойынша бағдарламадағы ерекшеліктер мен пәнді оқытудағы инновациялық әдістермен таныстыру.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысының 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының АӘжТД пәні бойынша оқытушылары қатысты.
Семинар барысында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің АӘжТД пәнінің оқытушысы Д. Ержанұлы «Әскери салада роботтық техниканы қолдану және техникалық профиль студенттерімен тақырыпты зерттеу» тәжірибесімен бөлісті.
Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжінің АӘжТД пәнінің оқытушысы Д.Ф.Ташенов «Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік: қауіптер мен қорғау жолдары» туралы баяндама жасады.
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің АӘжТД пәнінің оқытушысы А.Т. Оналбаев «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу дала жиындарын ұйымдастыру жолдары» бойынша әдістемелік ұсынымдар жасап, оны қолдану жолдарын көрсетті.
Семинар соңында кері байланыс барысында спикерлер қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап берді.