«Құзыреттілік орталығы базасында техникалық білім беру саласында «Жас маман» жобасын іске асыру» облыстық семинары
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру шеңберінде Риддер қаласының Риддер колледжі базасында ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде «Құзыреттілік орталығы базасында техникалық білім беру саласында «Жас маман» жобасын іске асыру» облыстық семинары өтті.
Семинардың мақсаты өңірде сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау аясында «Жас Маман» жобасының тәжірибесін жалпылау болып табылады.
Аталған семинарға колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Семинар барысында колледж өкілдері өз баяндамаларында аймақ кәсіпорындары үшін сұранысқа ие мамандарды даярлау шеңберінде «Жас Маман» жобасының мүмкіндіктері мен өзектіліктерін атап айтты. Сонымен қатар, студенттің бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастыру және өзін-өзі кәсіби ынталандыру үшін жағдай жасауға колледждің әлеуметтік серіктестерімен бірлескен жұмысы бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.