Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, ағымдағы жылдың 26 қарашасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы директорлардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Радиотехника және байланыс колледжімен бірлесіп, Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қызметіндегі  жүйелілік - нәтижелілік факторы» облыстық семинарын өткізді. Мақсаты - ШҚО колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қызметінің сапасы мен нәтижелілігін арттыру. Облыстық семинар жұмысының қорытындысы бойынша ISBN-мен мемлекеттік және орыс тілдерінде облыстық семинар материалдарының жинағы шығарылды. Бұл материал директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жас буынының жұмысында практикалық қолдануға арналған. Аталған іс-шарамен 43 адам қамтылды. Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.