Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 4 мамырда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Қазақстан-Американдық Еркін университеті» ЖШС Жоғары колледжімен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының 31 жылдығына арналған облыстық сап және ән байқау-конкурсын өткізді. Мақсаты - студенттердің жоғары әлеуметтік белсенділігі мен патриотизмін, өз Отанына деген азаматтық пен адалдық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін, Отанды қорғауға дайындығын мақсатты түрде қалыптастыру. Байқау 4 номинация бойынша өтті: «Үздік салтанатты марш», «Үздік саптық ән», «Үздік саптық техникалар», «Үздік капитан». Конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздар дипломдармен және грамоталармен марапатталды.