Облыстық теориялық онлайн семинар
2022 жылғы 02 желтоқсанда әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігі мен электр энергетикасы бағытындағы оқытушылардың бірлескен қызметі шеңберінде Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінің әдіскерлері, оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Оқу үдерісі жағдайында студенттердің базалық және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру» облыстық теориялық онлайн семинары өз жұмысын аяқтады. Семинардың мақсаты – педагогикалық тәжірибені жалпылау, құзыретті маман даярлау жүйесіне озық педагогикалық тәжірибелерді енгізу. Семинар барысында Н.В. Кляузердің («Маманның дамуының негізі ретінде зертханалық-практикалық қызмет»), О.Ю. Мутасованың («Автокөлік кәсіпорны мамандығы студенттерінің кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру»), И.А. Гольцеваның («Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы студенттерінің оқу практикасын ұйымдастыру жағдайында базалық және арнайы құзыреттерді қалыптастыру»), М.Д. Сарбаеваның («Зертханалық-практикалық сабақтарды ұйымдастыру жағдайында арнайы пәндер оқытушысының оқу-әдістемелік қызметі және оқытылатын пәндер бойынша оқу құралдарын әзірлеу») баяндамалары тыңдалды. Аталған іс-шарамен 74 адам қамтылды. Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды