«Мен кәсіпкермін» облыстық бизнес - жобалар турнирі
2025 жылдың 21 сәуірінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан-Америка еркін университеті базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Мен кәсіпкермін» облыстық бизнес - жобалар турнирі өтті.
Облыстық турнирідің ұйымдастырушылары: ШҚО білім басқармасы, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен экономика және техника колледжі.
Турнирдің мақсаты - жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мен облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын анықтау және дамыту.
Турнирдің салтанатты ашылуына Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті, химия ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылыми Академиясының академигі Е.А.Мамбетказиев, Америка Құрама Штаттарының азаматы, Қазақстан-Америка Еркін университетінің серіктесі-Джеймс Эвенсон, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А.А.Ақылбек, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы А.Б.Адылхан қатысты.
Турнирде облыс колледждерінің 68 студенті мен жалпы білім беретін мектептердің 24 оқушысы өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды. 10 бағыт бойынша ұсынылған бизнес-жобалары 6 секция жұмысында тыңдалды.
Іс-шара соңында әр бағыт бойынша жеңімпаздар анықталып, I дәрежелі дипломдармен – 9 қатысушы; II дәрежелі дипломдармен - 15, III дәрежелі – 19 қатысушы марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.