Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы Өскемен көпсалалы технология колледжімен  бірлесіп,  2023 жылғы 16 қарашада облыстық алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушылары әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес, Өскемен көпсалалы технология колледжінің 45-жылдығына орай облыстық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері арасында пневматикалық мылтық атудан «Мерген-2023» атты облыстық турнирін өткізді.

Турнирдің мақсаты - облыс колледждері қызметкерлері арасында ынтымақтастық, достық  қарым-қатынасты нығайту, колледж қызметкерлерін әскери-патриоттық бағытта жүргізілетін жұмыстарға тарту.

Турнирге Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі,  Риддер колледжі, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі, Өскемен көпсалалы технология колледжінің командалары қатысты.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды иеленіп, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Өскемен көпсалалы технология колледжі командасы иеленсе, үшінші орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжі мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі командалары  бөлісті.

Жарыстың әр кезеңі бойынша жеңімпаздар:

  • «АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау» кезеңі – Оразаев Ф., Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі;
  • Пневматикалық мылтықтан ату  кезеңі – Қайдаров Е.С., Өскемен көпсалалы технология колледжі;
  • Нысанаға (Дартс) дротикті дәлдеп лақтыру кезеңі – Дабылханов М.М., Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі