«Lesson Study – оқытуды басқару және бақылаудың тиімді тәсілі» облыстық практикалық оқыту семинары
Колледждер арасында білім берудің озық тәжірибесін тарату және алмасу мақсатында 2024 жылғы 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп «Lesson Study – оқытуды басқару және бақылаудың тиімді тәсілі» облыстық практикалық оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері - В.С. Пак және К. К. Бурунбетова «Lesson Study» сабақтың зерттеу моделі жайында толық ақпарат берді.
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің педагогтері «Lesson Study» бағдарламасын қолдану арқылы «Lesson study – оқытуды басқару және бақылаудың тиімді тәсілі», «Жоғары дәрежелі сұрақ қою дағдысын дамытуға сауалнама стратегияларын қолдану қалай әсер етеді?», «Топтық жұмыс барысында функцияларды бөлу студенттердің қарым-қатынас тиімділігіне қалай әсер етеді?» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында спикерлер қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап беріп, әдістемелік ұсыныстар берді.