Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылғы 10 желтоқсанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының басшылығымен колледж әдіскерлерінің ОӘБ аясында ТжКББ жүйесінің педагогтерін аттестаттау бойынша облыстық вебинары өтті. Вебинар жұмысына 74 әдіскер қатысты. Вебинардың негізгі мәселесі: инженерлік - педагогикалық қызметкерлерді дайындау кезеңдері мен аттестаттау рәсімдеріне шолу жасау; портфолио дайындау бойынша әдістемелік қызметтер үшін ұсыныстар әзірлеу. Вебинарда инженерлік - педагогикалық қызметкерлер портфолиосын аттестаттауға дайындау бойынша презентация ұсынылды, нормативтік-құқықтық базаға шолу жасалды, аттестаттаудың жаңа қағидалары екі кезеңде өткізілетініне мән беріліп, электрондық портфолионы қалыптастыру үшін бағдарламалық құралдар ұсынылды. Дайын портфолио үлгілері көрсетілді. Аттестаттауға өтініштер қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беру үшін құжаттар тізбесі берілді. Сондай-ақ, жаңа ережелер бойынша желтоқсан және мамыр айларында аттестаттаудан өту мүмкіндігі бар екендігі атап өтілді.