ШҚО колледж әдіскерлерінің «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы әдістемелік қызметтердің сын-тегеуріндері мен жауаптары» облыстық вебинары
2020 жылғы 21 қазанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы әдістемелік қызметтердің сын-тегеуріндері мен жауаптары» тақырыбында онлайн-вебинар ұйымдастырып өткізді. Вебинар жұмысына облыс колледждерінің 70-тен астам әдіскері қатысты. ШҚО кәсіптік білім беру орталығының директоры А. Ақылбек вебинарда сөз сөйлеп, әдістемелік қызметтердің тиімді жұмысын атап, қатысушыларды одан әрі табысты жұмысқа бағыттады. 2020 жылғы 09-15 қазан аралығында ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әдістемелік бөлімімен колледж әдіскерлерінің алдында тұрған өзекті мәселелер бойынша алдын ала сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында келесі сұрақтар қарастырылды: қашықтықтан білім беру технологиялары; білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу; модульдік-құзыреттілік тәсілді, модульдік-кредиттік технологияны енгізу; өндірістік оқытуға Worldskills стандарттарын енгізу; педагогикалық қызметкерлерді жаңа форматта аттестаттау; педагогикалық құрамды жаңарту; орындаушылық тәртіп. ШҚО кәсіптік білім беру орталығының әдіскері Д.С.Ахметова қашықтықтан жүргізілген сауалнаманың талдау нәтижелерімен таныстырып, көрсетілген сын-тегеуріндер мен жауаптарды атап өтті. Вебинарға қатысушылар өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша өз толықтыруларын берді. Әдіскерлердің ОӘБ төрайымы А.Ж.Жұмағалиева қазіргі таңда әдіскерге қажетті негізгі құзыреттер мен сапалармен таныстырып, ағымдағы оқу жылына арналған ОӘБ іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Вебинар нәтижесінде кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында әдістемелік қызметтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді.