«Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқытудың үздік оқу тәжірибесін тарату» облыстық вебинары
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқытудың үздік тәжірибесін тарату» вебинарлар сериясын өткізуді жалғастыруда. Бұл бастама колледж оқытушыларына онлайн режимінде оқу сабақтарын өткізу үшін түрлі құралдарды пайдалануға көмектесуге бағытталған. Ағымдағы жылдың 2 қарашасында өткен кезекті вебинарда директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестіктері қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Геологиялық барлау колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Саламатина А.С. «Онлайн оқытуда электрондық оқулықты пайдалану» тақырыбында презентация ұсынып, мұғалімдерге сапалы электронды білім беру мазмұнын құруға көмектесетін құралдарды көрсетті. Аягөз қаласы политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары З.К.Оспанова, Д.Е.Ардашеваның презентациялары қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, кіріктірілген оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктеріне арналды. Бизнес және сервис колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Турсунбаева А.К. қашықтықтан оқыту режимінде кәсіби тәжірибені ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Вебинар қатысушыларына Электротехникалық колледжі құзыреттілік орталығының меңгерушісі С.П.Керимовтың «Мехатроника» пәні бойынша республикалық қашықтықтан жарыс өткізу туралы онлайн бейне нұсқаулығын көруге мүмкіндік берілді. Вебинарда ұсынылған барлық презентациялар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Барлық қатысушыларға вебинардың жазбасы мен материалдары жіберіледі. Вебинар жұмысына 80-нен астам адам қатысты.