Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, көркемдік тәрбиесіне ықпал ететін кең тараған, қолжетімді, вокалдық-хор академиялық өнерін насихаттау және дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының  кәсіптік білім беру орталығы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесімен бірлесіп, 2024 жылғы 27 наурызда жалпы білім беретін орта және музыка мен өнер мектебінің оқушылары, шығармашылық сарайларының тәрбиеленушілері арасында «Алтай дауысы» облыстық хор фестивалін өткізді.

Фестивальда облыстың хор ұжымдары және вокалдық ансамбльдер өнер көрсетті.

Қатысушылар фестивальда аспаптың сүйемелдеуімен және «Бір минус» фонограммасымен туындыларды орындады.

Фестивалдің жеңімпаздары хор мен вокалдық өнер және жас санаттары бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.