«Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ 45 жылдығына арналған «ТжКББ ұйымының жұмысындағы педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар» атты облыстық педагогикалық оқу
2023 жылдың 8 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ 45 жылдығына арналған «ТжКББ ұйымының жұмысындағы педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар» атты облыстық педагогикалық оқу өтті.
Педагогикалық оқудың мақсаты – әдістемелік тақырыпты іске асыру шеңберінде колледж педагог қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу.
Пленарлық және секциялық бөлімдерден тұрған іс-шараға облыстағы 17 колледжден 60-қа жуық инженерлік-педагогикалық қызметкерлер қатысты.
Пленарлық отырыста ШҚО кәсіптік білім беру орталығының директорының м.а. Кездикбаева Лазат Токтарбековна алғы сөз сөйлеп, колледжді 45 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, озық технологияларды енгізу және мамандарды даярлауда әлеуметтік серіктестермен, атап айтқанда KazMinerals компаниясымен тығыз ынтымақтастық орнатудағы оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудегі ұжымның белсенді жұмысын атап өтті.
Облыстық педагогикалық оқудың пленарлық отырысында ШҚО ПШО филиалының басшысы Раисова Кульфарида Бабагумаровнаның «Колледжде пәнді оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» және Өскемен көпсалалы технология колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтайбекова Назым Алтайбековнаның «Құндылықтарды тәрбиелеу тұжырымдамасы негізінде «Бірыңғай тәрбиелеу бағдарламасын» жүзеге асыру үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері», сонымен қатар, Конурбаева Раушан Кусмановнаның «Өскемен көпсалалы технология колледжі – болашақ мамандардың табысты бастамасы» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды.
Секциялардағы жұмыс 4 бағыт бойынша жүргізілді:
1) «Жалпы білім беретін пәндерді оқытудағы педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар»;
2) «Кәсіптік білім берудегі оқытудың тиімді және өзекті әдістемелері мен технологиялары»
3) «ТжКББ ұйымының жұмысындағы педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар»
4) «Педагогикалық дебют».
Секциялар жұмысы барысында оқытушылар колледждерде қолданылып жүрген дәстүрлі және инновациялық әдістер мен технологиялар туралы айта отырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында үздік баяндамалар авторлары анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.