Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа форматтағы педагог» облыстық педагогикалық оқулары
Бүгін, ағымдағы жылдың 30 қарашасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы педагогикалық бағыт бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен бірлесіп, «Тәуелсіз Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа форматтағы педагог» облыстық педагогикалық оқуларының қорытындысын шығарды.
Педагогикалық оқулардың мақсаты - білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты колледж педагогтерінің жұмысындағы оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.
Облыстық педагогикалық оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ШҚО кәсіптік білім беру орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.