Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы  Риддер колледжімен  бірлесіп, облыстық дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес 2023 жылғы  03- 04 наурызда студенттер арасында шаңғы жарысы бойынша облыстық жарыстар өткізді. Мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, студенттер арасында спорттық шеберлікті арттыру, шаңғы спортын дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау.Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

1 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің құрама командасы;

2 орын – Риддер колледжінің құрама командасы;

3 орын – Өскемен құрылыс колледжінің құрама командасы.

Құттықтаймыз!!!