Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-мен облыстық дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес 2022 жылғы 09-10 желтоқсанда қыздар арасында волейболдан облыстық жарысын өткізді.

Мақсаты колледж студенттері арасында волейбол ойынын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, студенттер арасында спорттық шеберлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа  барлығы 12 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

1 орын – «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» ЖШС жоғарғы колледжі;

2 орын – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК;

3 орын – «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК;

Құттықтаймыз!!!