Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқу-өндірістік базасында 2023 жылғы 10.05 - 02.06 аралығында өткен алғашқы әскери дайындық бойынша оқу – далалық жиындар аяқталды. Жиынның негізгі мақсаты-қарулы күштердің мәртебесін көтеру, жастардың бойында патриотизмді тәрбиелеу. Оқу-далалық жиындар кезінде жасөспірімдердің тактикалық, саптық дайындық бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға басты назар аударылды. Әскери ойындар, спорттық жарыстар және басқа да іс-шаралар өткізіліп, студенттер үлкен тәжірибе жинады. Жиын қорытындысы бойынша студенттер мұндай әскери-далалық жиындар нағыз ер адамға қажетті қасиеттерді анықтайтынын атап өтті. Үздік студенттер грамоталармен марапатталды.