Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында ағымдағы жылдың 2-5 наурызы аралығында 7-11 сыныптар арасында «My PRO» мамандықтар фестивалі өтеді. 
Арнайы алаңдарда қатысушылар колледждер және аймақтағы ЖОО-ның ең үздік мамандықтарымен танысып, өздерін келесі мамандықтар бойынша көрсете алады: «Білім беру», «Ветеринария», «Дәнекерлеу ісі», «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Медбикелік іс», «Электроэнергетика», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Агрономия», «Өнер және мәдениет» және т.б.
Ұйымдастырушы: «Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы» КММ.
Өтетін күні, уақыты: 2020 жылдың 2-5 наурызы, сағ. 10:00 – 17:30.
Өтетін орны: Өскемен қ, Серікбаев көшесі 37, «Алтай» Технопаркі.