Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуі
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуі аясында НЗМ ДББҰ Республикалық педагогикалық шеберлік орталығында (бұдан әрі - ПШО) 2020 жылдың 09 – 20 қараша аралығында ШҚО кәсіптік білім беру орталығының басшылығымен мемлекеттік колледждерден 4 топты құрайтын 104 дене шынықтыру пәнінің оқытушылары «каскадты» әдіспен біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Екі апталық курстың қорытындысы бойынша оқытушылар сертификаттарға ие болады. Сонымен қатар, айта кететін жайт а.ж. шілде айында облыстың жалпы білім беру пәндерінің 24 жетекші оқытушысы оқудан өтіп, тамыз-қыркүйек айларында облыстың жаттықтырушылары мемлекеттік колледждерден 39 топты құрайтын 556 педагогті «каскадты» әдіспен оқытып шықты. НЗМ ДББҰ ПШО мемлекеттік емес колледждердің педагогтері үшін өтеулі негізде осыған ұқсас оқытуды ұйымдастырып, бүгінгі таңда ПШО арқылы мемлекеттік емес колледждердің 200-ге жуық оқытушысы оқудан өтті.