Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өңіріміздің мектеп түлектеріне жоғары білімді қолжетімді ету және еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлау мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2024-2025 оқу жылына білім беру, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша 270 білім беру гранттары бөлініп отыр.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау (әкім гранты) ағымдағы жылдың 5-10 тамыз аралығында өңірлік жоғары оқу орындарының базасында https://vko-abiturient.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады.
Толық ақпаратты 8/7232/701-130 телефоны арқылы алуға болады
 
2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі (ШҚО әкімінің гранты)