Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ағымдағы жылғы 21-30 қыркүйегінде облыстың жетекші кәсіпорындарымен бірлесе отырып, аймақ колледждері және ЖОО студенттері мен түлектерінің қатысуымен WorldSkills Shygys - 2020 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын 38 құзыреттілік бойынша өткізуді жоспарлауда. Чемпионат аясында ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте «Talap» КЕАҚ өкілдерімен бірлесіп, сараптамалық қызметті жүзеге асыру бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында, Worldskills Shygys-2020 өңірлік чемпионаты бас сарапшыларының орынбасарларына арналған онлайн-режимде оқыту семинарын ұйымдастырды. Сондай-ақ, WorldSkills Kazakhstan ережелеріне сәйкес чемпионат нәтижелерін бағалау тақырыбында онлайн-режимде практикалық сабақ өткізу де жоспарланған.